"Халық қатысатын бюджет": Алматының Наурызбай ауданында 2024 жылы тұрғындар ұсынған 40 жоба жүзеге асады

"Халық қатысатын бюджет": Алматының Наурызбай ауданында 2024 жылы тұрғындар ұсынған 40 жоба жүзеге асады

Алматының Наурызбай ауданында "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында тұрғындар ұсынған 46 жоба іске асырылды. Бұл туралы Наурызбай ауданының әкімі Нәзира Тоғызбаева ӨКҚ брифингінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл қоғамдық кеңістікті абаттандыру, жол инфрақұрылымы және сыртқы жарықтандыру сынды жобалар. Сонымен қатар, Қалқаман шағын ауданында сквер ашу жоспарланып отыр. Жобаның тиімділігі мен қала тұрғындарының оң пікірін ескере отырып, бағдарламаны қаржыландыруды арттыру туралы шешім қабылданды. Соның нәтижесінде 875 млн теңгеге қосымша 16 жоба жүзеге асты", - деді аудан әкімі.

Жоба аясында үш жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне ағымдағы жөндеу жүргізілді, ал төрт аумақта автоматты суару жүйесінің желілері тартылды.

"Келесі жылы біз халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастырамыз. 2024 жылға 2,5 млрд теңгеге 40 жобаны іске асыру көзделген", - деді Нәзира Тоғызбаева.

Алматы әкімдігі ұсынған материал 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!