Сенат депутатының видеосы жалған жарнамада қолданылған

Сенат депутатының видеосы жалған жарнамада қолданылған
Фото: © Тұрар Қазанғапов

Facebook-те ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова "аз ақша жұмсап, 550 мың теңге табуға" мүмкіндік беретін жоба ашқаны туралы айтқан видео жарияланған. Бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл жарнамада төрт жыл бұрын Хабар 24 телеарнасында шыққан "История в лицах" бағдарламасының үзіндісі қолданылған.

Бірғаным Әйтімова сұхбат барысында өз жұмысы және Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу жылдары туралы баяндайды. Ол жеке инвестициялық жоба туралы айтқан жоқ. Қазір әлеуметтік желілерде таралып жатқан бейнероликте бағдарламаның кадрлары пайдаланылып, жалған дауыспен дыбысталған. Мұқият қарасаңыз, дыбыс пен артикуляцияның сәйкес келмейтінін байқауға болады.

Сондай-ақ, роликте бейне пікір монтаждалған, онда бір қыз "жобаға" қатысқанын және табыс тапқанын айтады. Оның сөздері де күдік тудырады. Ол алдын ала дайындалған мәтінді оқып, Бірғаным Әйтімованың тегін қате айтады, ол оны "Гүлнар" деп атап, Telegram-дағы арнаға жазылуға шақырады.

Демек, бұл - алаяқтардың әрекеті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек