Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері антициклонның орнына Қара теңіз аудандарынан циклон келеді. Ол шығысқа қарай жылжып, соның әсерінен 28 қарашада батыста, 29 қарашада солтүстік, орталық және оңтүстік аймақтарда, 30 қарашада еліміздің көп бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі де болжанып отыр.

"28 және 30 қарашада солтүстік аймақтарда жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді және бұрқасын болады деп күтіліп отыр. Циклонның әсерін, әсіресе, республиканың оңтүстік аймақтарының тұрғындары сезінеді. Өйткені шуақты жылы ауа райы жауын-шашынды (негізінен жаңбыр түрінде, тауларда жаңбырдың соңы қарға ұласады) ауа райына ауысады. Ал күндізгі ауа температурасы 15-24 градус жылыдан 0-12 градус жылыға дейін төмендейді", - делінген болжамда.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!