Астанада ұйқыға байланысты шағыммен клиникаға жүгінген адам күтпеген жағдайда қайтыс болды

Астанада ұйқыға байланысты шағыммен клиникаға жүгінген адам күтпеген жағдайда қайтыс болды
Фото: Freepik

Елорда тұрғыны дәстүрлі емес медициналық қызметпен айналысқаны үшін сотталды. Оның кінәсінен адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, дәстүрлі емес шығыс медицинасымен айналысқан сотталғанның кінәсі дәлелденген.

"Сотталған адам тиісті куәліктері мен лицензиялары жоқ медициналық қызметпен айналысқан. Ұйқыға байланыстыы шағымымен клиникаға жүгінген жәбірленушіге Қазақстан Республикасында лицензияланбаған препарат инъекциясы салынған, содан кейін оның әл-ауқаты күрт нашарлаған", - делінген хабарламада.

Науқас есін жимастан біраз уақыттан кейін қайтыс болды. Сараптаманың қорытындысы бойынша өлімнің себебі анафилактикалық шок болды.

Сот үкімімен кінәлі адам медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, сотталды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова