"Шошытатын жағдай". Өмірқұл Айниязов ұлы жол апатына ұшырағанын айтты

"Шошытатын жағдай". Өмірқұл Айниязов  ұлы жол апатына ұшырағанын айтты
Фото: Фотоскрин

Әнші Өмірқұл Айниязов ұлының той алдында жол апатына ұшырағаны туралы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, артында отырған жолаушы қайтыс болып кеткен.

"Тойдың алдында балам жол апатына ұшырады. Шошытатын жағдай болды. Ауылда бір қарындасымыздың тойы болған. Мен басқа жақпен бардым. Нұртуған өзі "таксимен шығамын" деді. Неге ұшаққа мінбегенін білмеймін. Алматыдан Қызылордаға кешкі 9-10-дарда шыққан. Таңғы 8-8:30-да жүргізуші ұйықтап кетіп, тұрған Газельге соқтығысқан. Баламның екі тісі, иығы сынды. Артта отырған қыз бала қайтыс болып кетті. Иманды болсын. Балама "сен де соның орнында болуың немесе мүгедек болып қалуың мүмкін еді, сондықтан Аллаға шүкір айт" дедім. Қалғандары аман болды. Бұл да бір тойдың алдындағы сынақ болған шығар деп ойлаймын. Қазір жақсы, бірақ әлі тісін салмадық. Оған уақыт, күтім керек екен", - деді әнші.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы