Ұрылар 1 миллион 500 мың теңге тұратын араб тұқымды жылқыны соғымға сойып алған

Ұрылар 1 миллион 500 мың теңге тұратын араб тұқымды жылқыны соғымға сойып алған
Фото: ІІМ

Қарағанды облысында араб тұқымды бәйге атын ұрлап кетіп, сойып алған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға 30 жастағы аудан тұрғыны арызданып, белгісіз біреулер халықаралық бәйгеге дайындап жүрген тұлпарын ұрлап кеткенін айтқан.

Келтірілген шығын 1 миллион 500 мың теңге болған.

"Полиция осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 және 54 жастағы ер адамдарды ұстады. Олардың барлығы Шет ауданындағы блок бекетте қолға түсті. Күдіктілер ұрланған жылқыны сойып, мүшелеп тастағанын мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды", - деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаев.

ІІМ

Басқарма бастығының айтуынша, жыл басынан бастап облыс аумағында 644 бас мал ұрланып, оның 547-сі иелеріне қайтарылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова