"Маған тұрмысқа шыққанша көзіме тіке қарамаған". Түркістан облысының тұрғыны інісінің әйелін әмеңгерлік жолмен алған

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының тұрғындары Жеңіс Сейдеханов пен келіні Сандуғаш Садық әмеңгерлік жолмен бас қосқан. Жұбайлар "Қыздар-ай" бағдарламасында тағдыры туралы айтып берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Марқұм інімнен екі балақалған болатын. Сол кісіні өзімнің анам қатты уайымдады. Екі бала туралы көп айтқаннан кейін бұл (әмеңгерлік-еск.) тарихымызда, қанымызда бар дүние екенін білетінмін. Сол себепті анама әмеңгерлікпен қосылайын дедім. Былай айтқанда өзім ұсындым", - дейді Жеңіс Сейдеханов. 

Жеңіс Сейдеханов. Фото: "Қыздар-ай" 

Ал келіні Сандуғаш Садық бастапқыда қарсы болғанын айтады. 

"Марқұм әкем де қарсы болған. Кейін анам үгіттеп, ақылын айтып, содан кейін ғана рұқсатымды беріп, қосылған болатынбыз", - дейді Сандуғаш. 

Сандуғаш Садық. Фото: "Қыздар-ай" 

Жеңіс пен Сандуғаштың отау құрғанына 7 жыл болған. Бүгінде олар бес бала тәрбиелеп отыр. Марқұм інісінің артынан бір қыз, бір ұл қалса, артынша екі ұл, бір қыз өмірге келген. 

"Інім марқұм менен бұрын үйленді, 2016 жылға дейін бірге тұрды. Інім Астанадан көлік алып келді. Ауылда бір жұма айдады. Сосын жол апатына ұшырап, дүниеден озды. Әйелі қырқына дейін үйде болып, қырқынан кейін өзінің төркініне кетті. Інімнің 100 күндік асын өткізгеннен кейін анам екі немересін қатты сағынды. Сосын анама ұсыныс жасадым, салт-дәстүрімізде әмеңгерлік деген бар емес пе. Әммеңгерлікпен келініңізге қосылайын дедім. Маған сезімнен бұрын екі бауырым қатты ыстық болды. (..) Екі бауырымды жәутеңдеткім келмеді. Сол кезде жүріп жүрген қызым болды. Оған түсіндірдім. (...)

Мен қайын ағасы, ол келін болып, маған тұрмысқа шыққанша көзіме тіке қарамаған", - дейді Жеңіс. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!