Алдағы күндері бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

28-30 қарашада бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 қарашада күндіз, 30 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 28-30 қарашада облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 30 қарашада облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 28-30 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 метрге, 29 қарашада күндіз жел екпіні 23-28 метрге жетеді.

30 қарашада Таразда тұман түседі. 29 қарашада күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 25 метр болады.

28 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 метрге жетеді.

28 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 метрге жетеді.

Петропавл қаласында 28 қарашада шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 метр болады.

28 қарашада Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 метрге жетеді.

Көкшетау қаласында 28 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15 метрге жетеді.

28 қарашада түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.

28 қарашада Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні секундына 18 метрге жетеді.

28 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні секундына 18 метрге жетеді.

28 қарашада күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі.

28 қарашада Қостанай облысының шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

28 қарашада Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Орал қаласында 28 қарашада түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

28 қарашада түнде Атырау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау қаласында 28 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 метрге жетеді.

28 қарашада Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 метрге жетеді.

Ақтау қаласында 28 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

28 қарашада Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

28 қарашада Абай облысының шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде де тұман түседі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз