Диетолог дүкеннен сатып алынған тұшпараның денсаулыққа қаншалық қауіпті екенін айтты

Диетолог дүкеннен сатып алынған тұшпараның денсаулыққа қаншалық қауіпті екенін айтты
Фото: Freepik.com

Сатып алынған тұшпараны жиі жеу ағзаға теріс әсер етіп, жүрек ауруларына шалдықтыруы мүмкін. Бұл туралы диетолог Антонина Стародубова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москва 24-ке" сілтеме жасап.

Оның пікірінше, тұшпара - бұл дәмді, бірақ пайдасы жоқ тағам. 100 грамм өнімде орташа есеппен 289 ккал бар. Сонымен қатар, сарапшы барлығы сүйіп жейтін жартылай дайын өнімдердің құрамында тұз бен қаныққан майлар көп екенін айтты.

Дәрігер тұшпара майға қуырылғанда немесе оған майонез сияқты тұздық қосылғанда олардың калория мөлшері едәуір артады дейді. Бұл жүрек пен қан тамырлары ауруларын тудыруы мүмкін.

"Диетадағы ас тұзы мен қаныққан май секілді аса маңызды қоректік заттардың артық мөлшері, сондай-ақ артық тамақтану жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулар, гипертония, семіздік, екінші типтегі қант диабеті қаупінің жоғарылауымен байланысты екенін ескеру қажет", - деп түсіндірді диетолог.

Алайда, Антонина Стародубов сүйікті тағамыңыздан бас тартпай-ақ, оны сирек жеткілікті мөлшерде тұтынуға болатынын жеткізді. Мысалы кейде ғана 200-250 грамм тұшпара жеуіңізге болады. 

Сонымен қатар, дәрігер қайнатылған дайын тұшпараны тұз бен майлы тұздық қоспай, су не буға қайнатуды не пеште пісіруді ұсынды.

Айта кетейік, бұған дейін қаптамадағы тұшпараны қалай таңдау керегі хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отрыңыздар: Көпбалалы отбасыларға қандай жәрдемақы беріледі?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә