Бірнеше қалада ауаның ластану деңгейі бойынша ескерту жасалды

Бірнеше қалада ауаның ластану деңгейі бойынша ескерту жасалды
Фото: Әлихан Сәриев

Қазақстанның төрт қаласында 27 қарашада ауаның ластану деңгейі бойынша ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, Алматы, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында ауаның ластануы және қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Алматыда синоптиктер РМ-2,5 қалқымалы бөлшектер үш есе көп болады деп болжады.  Ауа райы атмосферада ластаушы заттар жиналуына ықпал етеді.

Өскеменде де ауаның ластану деңгейі жоғары, улы заттардың мөлшері сәл жоғары болады деп күтіледі.

Семейде де ауада ластаушы заттар жиналады, синоптиктердің айтуынша, ол нормадан сәл асады.

Риддерде ауадағы күкіртті сутегінің деңгейі 0,7 есе жоғары екені тіркелді. Жалпы, қалада ауа ластануы күтіледі.

Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттар жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Бұл кезде елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек