Айжұлдыз Адайбекова білімді болуы үшін 30 миллион теңге құртқанын айтты

Айжұлдыз Адайбекова білімді болуы үшін 30 миллион теңге құртқанын айтты
Фото: YouTube

Дизайнер, блогер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекова білімді болуы үшін 30 миллион теңге құртқанын айтты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол "Қызық times" бағдарламасында айтты. 

"Мен өте көп оқимын. Мен өте көп ізденемін. Өзімнің біліміме 30 миллион теңге құрттым, сенесіз бе? Себебі біреуге gucci сөмке, біреуге қымбат нәрсе шығар. Маған ол түк емес. 

Білім ізденуден адам қорықпауы керек, талпынуы керек, алға қарай жылжуы керек. Себебі білімі бар адам жерде қалмайды", - дейді Айжұлдыз.  

Актриса 30 миллион теңгені, жалпы табысты қайдан тауып жүргенін айтты. 

"Мен коуч болғаннан кейін курстар сатамын. 2020 жылдан бері марафондарым болды. Одан бөлек, дизайнер болғаннан кейін оны да ақшаға айналдырамын деп шешіп, курсқа айналдыра бастадым. Сөйтіп өте көп ақша таптым", - дейді Айжұлдыз Адайбекова. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина