"Танысымды күйеуі күнде сабайды, мүгедек болып қала ма деп қорқып отырмын"

"Танысымды күйеуі күнде сабайды, мүгедек болып қала ма деп қорқып отырмын"
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Желіде Айс Мұратова атты алаяққа алданған әйелдердің оқиғасы туралы жазба пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жазбаны заңгер Ләззат Рақышева парақшасында бөлісті. 

"Бір таныс келіншек бар, онлайн таныспыз. Екеуміз ватсаппен жұмыс істейміз. Сол екеуміз де Айс Муратованың алдауына түскендер қатарындамыз. Ол қыз да, менде де халықтың қарызы мойнымызда. Енді оның күйеуі бәрін біліп қойып, күнде сабайды. Кеше де хабарлассам сөйлеуге мұршасы жоқ қой. Соған сізді айтқам, аналар үйіне барып панала деп. Өлтірмесе же мүгедек болып қаларсың деп.

"Ол жаққа барсам қарызымды қалай өтеймін? Үйге клиенттер келсе мені іздеп, тауып өлтіреді" деп жылап отыр", - дейді әйел. 

Еске салайық, бұған дейін депутат Дәулет Мұқаев Мәжілісте халықты алдаған "Айс Мұратова" деген алаяқ туралы айтқан болатын. 

Депутат қазақстандықтарың ақшасын жинап, сан соқтырған алаяқтың атын айтты.

"Қазір байытамын деген байерлерге барын берген қара халықтың базынасын да жиі естіп жүрміз. Солардың бірі – елде лақап атпен танымал Айс Мұратова. Оның шын аты – Арайлым.

Соңғы 2 жылда ол халықтың сеніміне кіріп, сауда жасап, өзін жақсы жағынан жарнамалаған. Оның ішінде Қытайдан арзан тауарлар, ыдыс-аяқ жіберемін деген әлеуметтік желі арқылы өзін ірі кәсіпкер ретінде көрсетіп, қол астымда заңды жұмысшыларым бар деп елді сендіріп келген. Төлемдерді ешқандай келісімшартсыз яғни карталық шотқа перевод арқылы жіберуді сұраған", - деді ол.

Дәулет Мұқаев бүгінде адамдар ақшасын қайтара алмай жүргенін жеткізді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина