Қостанай облысында мас жүргізуші өзін жолаушы қылып көрсеткен

Қостанай облысында мас жүргізуші өзін жолаушы қылып көрсеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

25 қарашада Тобыл қаласындағы патрульдік полиция қызметкерлері 2017 жылдан бері автокөлікті басқаруға құқығы жоқ 34 жастағы "Мерседес" жүргізушісін ұстады. Жүргізуші мас күйінде болды.

Тоқтаған кезінде жүргізуші алдыңғы жолаушылар орындығына ауысып, өзің жолаушы секілді көрсетті. Ал көлікте басқа ешкім болмады.

Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаруы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Автокөлік арнайы автотұраққа қамалды. Бүгін жүргізушіні Қостанай аудандық соты 20 тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!