"Көзім көрмейді". Ата-енесіне пранк жасаған келін жұртты күлдірді

"Көзім көрмейді". Ата-енесіне пранк жасаған келін жұртты күлдірді

Ата-енесіне пранк жасаған келін жұртты күлдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Динара Сайлаубайқызы атты блогер ата-енесіне "көзімді жұмсам көзім көрмейді" деп пранк жасаған. Ең алдымен блогер енесіне хабарласқан. 

"Менің көзім көрмей жатыр"

"Неге?"

"Білмеймін, көзімді жұмсам көрмейді"

"Бүгін ба?"

"Иә, иә, бүгін. Білмеймін көзімді жұмсам көрмейді", - дейді блогер. 

Осылайша енесі келіні төртінші рет айтқаннан кейін ғана бұл пранк екенін түсінеді. 

Ал атасы келіні пранк жасап жатқанын бірден түсініп қояды. Желі қолданушылары келіннің қалжыңына риза болған.

"Ерке келін, жарасады өзіне"

"Дем салдырсай деген қалай кетті. Жүкең уже пранкка үйренген сияқты ғой ашсай көзіңді деп"

"Арасында күліп тұрғанда жақсы ғой, керемет..."

"Енең жақсы екен, жаны қалмай уайымдап тұр", - дейді Желі қолданушылары. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина