Астанада ауруханаға түскен 7 жасар қыз үйіндегі жағдайдан кейін онда қайтқысы келмеген

Астанада жеті жасар қыз үйіндегі үнемі ұрып-соғу салдарынан ауруханаға түсті. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Үйде жүйелі түрде ұрып-соғу салдарынан ауруханаға түскен жеті жасар қызды көруге бардым. Бала үйге қайтпай, ауруханада қалса бола ма деп сұрады", - деп жазды балалар омбудсмені.

Оның айтуынша, мектепте баланың денесінен соққы іздері анықталған. Мұғалімдер бірден кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияны шақырған. Сондай-ақ, Динара Зәкиева отбасында жеті бала барын айтты.

© instagram/zakiyevadinara

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!