Ақтауда көлік қағып, екі аяғы да сынған әйел ауруханаға жатудан бас тартқан

Ақтауда реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде көлік әйелді қағып кетті. Оқыс оқиғаны патрульдік полиция батальонының қызметкерлері байқап қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға сенбіде түс ауа 13 және 14-шағынаудандар арасындағы тасжолда, "Кораблик" бизнес орталығына қарама-қарсы жерде болған.

1967 жылы туған жәбірленуші облыстық аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, әйелге екі аяғының ығыспай сыну диагнозы қойылған. Науқас ауруханаға жатудан бас тартқан, сондықтан оған гипс салынып, үйіне жіберілгені айтылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!