"Зорлық-зомбылыққа көз жұмуды доғар": Алматыда митинг өтті

Алматыда "Хайуандар әлеміне жоқ де" атты зорлық-зомбылыққа қарсы рұқсат етілген митинг өтті. Оны "Жаңа адамдар" қозғалысының мүшелері ұйымдастырды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Митинг Алматыда, кинотеатр артындағы саябақта өтті. Қатысушылар отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы ұрандар жазылған плакаттармен шықты. Акцияны "Жаңа адамдар" қоғамдық қозғалысы ұйымдастырған. Оған 200-ге жуық адам – осы қозғалыстың мүшелері саналатын жастар мен студенттер қатысты.

Жиналғандар бұл акциямен әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне қарсы күреске назар аудартқысы келетінін айтты.

Акцияға қатысушылар бір стильде киінген, олардың көпшілігінде "Хайуандар әлеміне жоқ де" деген жазуы бар орамалдар болды.

Бейбіт митингіге қатысушылар жиналғандарға соңғы кездері болған зорлық-зомбылық оқиғалары туралы айтып берді. Зорлық-зомбылық салдарынан қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Жиынға жуырда ғана Астанада қайтыс болған Салтанат Нүкенованың туыстары да қатысты. Алматыға митингке марқұмның ағасы Айтбек Амангелді келген. Ол сөз сөйледі.

Сурттер: Мassaget.kz

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!