Астана әкімдігі ауа райына байланысты ескерту жасады

Елордада тұман мен көктайғақ болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астанада және еліміздің өзге 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің айтуынша, елордада тұман, тұман, көктайғақ болады.

Желдің екпіні - секундына 15-20 метр.

Қаланың коммуналдық қызметтері толықтай күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда.

Алдымен орталық көшелерде, аялдамалар мен тротуарларда тазалау жұмысы жүргізіледі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін сақтық ережелерін сақтауды сұрайды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз