Алматы облысында іздеуде жүрген аса қауіпті күдікті ұсталды

Алматы облысында іздеуде жүрген аса қауіпті күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Алматы облысында іздеуде жүрген аса қауіпті күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

4 қараша күні Алматы облысы ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қонаев қаласында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 1991 жылғы К. есімді ер адамды ұстады. 

Жедел ақпарат бойынша ұсталған адам ҚР ҚК 194 - бабының 4-бөлігі (Бопсалау) бойынша Жамбыл облысының ПД бастамасымен мемлекетаралық іздеуде болған. Күдікті - деструктивті діни ағымның жақтаушысы. 

Тінту кезінде одан діни әдебиеттер, қалта пышағы мен балта табылды. Қазіргі уақытта ұсталған адамның облыс аумағындағы басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

ҚР ҚПК 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина