Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 25 қараша сағат 08:50 шамасында Қарағанды-Қарқаралы тас жолында Lada Vesta автокөлігімен Mercedes Benz автокөліктерінің қатысуымен болды.


Фото: Polisia.kz

Салдарынан Mercedes автокөлігінің жүргізушісі және оның 44 жастағы жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды. 30 жастағы Lada автокөлігінің жүргізушісі және оның 51 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Полиция көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүру ережесін қатаң сақтауды еске салады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!