"Медреселерде 12 жастағы қыздарды жыныстық қатынасқа итермейледі": ҚМДБ жауап берді

Әлеуметтік желідегі парақшаларда "Қазақстандағы медреселерде 12 жастағы қыздарды жыныстық қарым-қатынасқа итермелеуде" деген мазмұндағы пікір таралып жатыр. Осыған қатысты ҚМДБ жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми жауапты Instagram-дағы парақшасында жариялап, жалған ақпарат екенін мәлімдеді.

"ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледждер тек 15 жасқа толған қыздарды ғана оқуға қабылдайтынын мәлімдейміз Мұндай жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз және халықты білместікпен теріс ақпарат таратпауға үндейміз", - делінген хабарламада. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!