"Май қалдықтары түтеген". Шымкенттегі сауда үйінде өрт шықты

Шымкентте "Север" сауда үйінің жертөлесінде орналасқан «Низам» кафесінде өрт шықты. Оқиға кеше, 23 қараша сағат кешкі уақытта болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомства мәліметінше, шақырту орнына өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері дереу жеткен. Өрт сөндірушілер кафенің асханасынан ғимараттың сыртқы қабырғасымен жүргізілген түтін сорғышының ішінде май қалдықтары түтеп, бықсығандығын анықтаған.

Қызыл жалын сағат 19.20-да оқшауланып, 19.24-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Оқиға орнына 4 өрт сөндіру техника ме жеке құрамнан 16 адам жұмылдырылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!