"Өзімді әйел деп есептемеймін". Әнші Айжан Нұрмағамбетова ешкім білмейтін құпиясын айтты

"Өзімді әйел деп есептемеймін". Әнші Айжан Нұрмағамбетова ешкім білмейтін құпиясын айтты
Фото: Желіден

Әнші Айжан Нұрмағамбетова есіміне қатысты құпиясымен бөлісті. Оның айтуынша, әншінің әулетінде екі Айжан бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Өнер иесінің айтуынша, ол "Айт" мерекесінде дүниеге келгендіктен, есімін әжесі ырымдап қойған.

"Мен өзімді сондай әйел деп есептемеймін. Неге десеңіз, шын есімім Айтжан екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Айтжан деген ер адамның есімі. Содан ба, мінезім ер адамға ұқсайды.

Мен "Айт" мерекесінде дүниеге келіппін. Сол үшін әжем ырымдап, ныспымды Айтжан қойған. Ал менің туған сіңілімнің есімі - Айжан. Қысқасы, үйде бір емес, екі Айжан Нұрмағамбетовамыз", - деп жазды Айжан Нұрмағамбетова. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы