Боранда жоғалып кеткен Батыс Қазақстан облысының тұрғыны өлі табылды

Батық Қазақстан облысында қарлы боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, 22 қараша күні кешкісін полицияға Теректі ауданы, Ақжайық ауылында 1961 жылы туған ер адам жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Ол сағат 10:00-де жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Сол күні боран болып, оны здеуге тікұшақ жұмылдырылған.

"24 қарашада Ақжайық ауылынан 10 шақырым жерде зорлық-зомбылық белгілері жоқ жоғалған ер адамның денесі табылды. Өлім себебін анықтау үшін мәйіт сараптамаға жіберілді", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!