Қонаевта кісі бопсалаған салафиттік діни ағымды ұстанатын ер адам ұсталды

Алматы облысының полиция қызметкерлері іздеуде жүрген қауіпті күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

4 қараша күні Алматы облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қонаев қаласында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 1991 жылғы К. есімді азаматты ұстады.

Жедел ақпарат бойынша ұсталған адам ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігі ("Бопсалау") бойынша Жамбыл облысының полиция департаменті бастамасымен мемлекетаралық іздеуде болған.

Күдікті – салафиттік діни ағымның белсенді жақтаушысы.

Тінту кезінде одан діни әдебиеттер, қалта пышағы мен балта табылды. Қазіргі уақытта ұсталған адамның облыс аумағындағы басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!