Тоқаевтың Бакуге жұмыс сапары аяқталды

Тоқаевтың Бакуге жұмыс сапары аяқталды
Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бакуге жұмыс сапары аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың баспасөз қызметі Президентті Бакуден шығарып салу рәсімінен бірнеше фото жүктеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шығарып салу кезінде бортқа дейін қызыл кілем кілем төселіп, құрметті қарауыл сап түзеп тұрды.

Еске салайық, бүгін түнде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бакуге БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін барған еді.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев СПЕКА саммитіне қатысқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасына (СПЕКА) қатысушы мемлекеттер басшыларының бірінші саммитінде сөз сөйледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан