Қызылордалық әнші Ұлыбританияда өткен байқауда топ жарды

Қызылордалық әнші Құралай Мейрамбек Ұлыбританияда өткен "Golden Time Talent" халықаралық таланттар фестивалінде 1-орын иеленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түрлі санаттағы гранд-финал онлайн форматта өтті. Жерлесіміз оған америкалық әнші Бейонсенің репертуарындағы "Listen" әнін орындап жолдаған. Ол табиғи талантының арқасында бірқатар мемлекеттің өнер иелері арасынан оқ бойы озып шықты.

"Байқау Ұлыбритания астанасында жыл сайын өтеді. Оған еліміздің атынан қатысып, жеңіс тұғырынан көрінгендер бар. Мен де сол биіктен табылғаныма өте қуаныштымын", - деді Құралай Мейрамбек.

Әнші - өнерлі әулеттің өкілі. Ата-анасы - музыка маманы. Бауырлары да осы салада жүр. Өзі - "Шабыт" қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, "Қазақстан дауысы" жобасының ???? жылғы жеңімпазы.

"Golden Time Talent" байқауының шарты бойынша ұйымдастырушылар жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шақырып, гала-концерт өткізуі тиіс. Сәті түссе, соған қатысамын", - деді әнші.

Назерке Саниязова

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!