Құмалақшыға сенуге бола ма?

Кей адамдар өздерін қандай да бір сұрақтар мазаласа, құмалақшыға немесе бал ашатындарға барады. Ол шариғат бойынша қаншалықты дұрыс? Бұл сұраққа "Жауабы бар" бағдарламасында Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Ерғали Байділдаев жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ерғали Байділдаев көріпкел немесе балгерлерге сену - шариғатқа теріс нәрсе екенін ескертті.

"Пайғамбарымыз айтады: кімде–кім көріпкелге, балгерге, сәуегейге барып, оған сұрақ қойып, оның жауаптарына, болашақ жайлы айтқандарына сенсе, оны растаса, Пайғамбарымыз айтқан Ислам дініне ол қарсы келіп тұр. Бұл өте ауыр нәрсе. Олардың болашақ жайлы айтуы - шариғатқа теріс нәрсе. Бұл жайлы құранда да жазылған. Жалпы болашақтың, яғни ғайыптың кілті – тек Алланың ғұзырында. Біз тіпті, қазір 5-10 минуттан кейін не болатынын білмейміз. Сәуегей, көріпкел, карта ашатын, бал ашатындарға сенуге болмайды. Оларға сену дінімізге қарсы келген болып табылады", - дейді маман.

Оқи отырыңыз: Шошқаның жүрегін адамға салуға бола ма? ҚМДБ жауабы