Жетісу облысының әкімі жалақысы қанша екенін айтты

Жетісу облысының әкімі жалақысы қанша екенін айтты
Фото: Massaget

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жалақысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жетісу облысындағы орташа жалақы - 250 мың теңге. Республикадағы көрсеткіш - 350 мың теңге. Бұл ақпарат кеше жарияланды. Әрине, (жалақым азық-түлік алуға - еск.) жетеді. Премия үнемі берілмейді. Мен қолыма 1,8-1,9 миллион теңге аламын. Себебі мен мемлекеттік қызметтегі қызмет өтілім жоғары. 30 жыл мемлекеттік қызметтемін", - деді облысы әкімі ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, бұған дейін Семей қаласының әкімі жалақысы қанша екенін айтқаны хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz