Семей қаласының әкімі жалақысы қанша екенін айтты

Семей қаласының әкімі жалақысы қанша екенін айтты
Фото: gov.kz

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов жалақысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы қала басшысы журналист Асхат Ниязовтың "Обожаю" YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. 

"Қолыма 930 мың аламын. Әйелім жұмыс істейді, мен жұмыс істеймін", - дейді Нұрбол Нұрсағатов. 

Семей әкімі қалада пәтерді жалға алатынын айтты. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина