Жағдайы ауыр: Шымкентте тұрғын жоғары қабаттан лақтырып жіберген балаға қатысты тың деректер айтылды

Шымкентте тұрғын терезеден лақтырып жіберген балаға қатысты жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Шымкент қаласының ТЖД қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап. 

Тұрғын баланы үшінші қабаттан емес, 4-қабаттан лақырып жібергені белгілі болды. 

"103" Жедел жәрдем қызметінен 23 қарашада сағат 21:00-де баланың терезеден құлағаны туралы хабар келіп түсті.

Оқиға әл-Фараби ауданында, Ғ. Иляев көшесінің бойында 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде болған.

Бала 4-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Полиция департаментінің қызметкерлерінен болған оқиға туралы ақпаратты нақтылау кезінде баланы 4-ші қабаттың терезесінен психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын туысы терезеден тастағаны анықталды. Бала 2021 жылы туған ауруханаға жатқызылды, жағдайы ауыр. Оқиғаның мән-жайын полиция департаментінің қызметкерлері анықтап жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз