БҚО-да боран кезінде ер адам жоғалып кеткен

БҚО-да боран кезінде ер адам жоғалып кеткен
Фото: БҚО ТЖМ

Батыс Қазақстан облысында боранда жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстың төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап. 

22 қарашада сағат 20:37-де бөлімге Теректі ауданы, Ақжайық ауылында 1961 жылы туған ер адамның із-түзсіз жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Сағат 10:00-де ол жұмыстан шығып, үйіне оралмаған.

"23 қарашада сағат 13:00-де құтқарушылар іздеуге Eurocopter ұшағымен ұшып шықты. Барлығы үш экипаж мүшесі, 25 адам және тоғыз техника жұмылдырылған", - деп түсіндірді департамент.

22 қарашада Батыс Қазақстанда қолайсызмауа райына байланысты ескерту жарияланды. Сонымен қатар, жолдар жабылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек