Шетелдік әйел әлі тумаған баласын Қазақстанда сатпақ болған

Қазақстанда жаңадан туған баласын сатып жібермек болған шетелдік әйел ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2 қараша күні Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Қарасай ауданының аумағында көрші республиканың 24 жастағы тумасын ұстады. Ол азаматшаның әлеуметтік желіде жүктіліктің жетінші айындағы туылмаған баласын сату туралы хабарландыру жариялағаны анықталды.

Бұл дерек ҚР ҚК 135-бабының 1-бөлігі бойынша Қарасай ауданы ПБ-да тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптама тағайындаумен тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Заңнамада белгіленген тәртіппен ұсталған азаматша аудандық полицияның УҰИ-на қамаққа алынды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз