"Тікұшақпен іздеп жатыр". Батыс Қазақстан облысында ер адам жоғалып кетті

Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен ер адамды тікұшақпен іздеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде өткен тәулікте ауа райының қолайсыздығына байланысты ескертулер жасалып, республикалық және облыстық маңызы бар автокөлік жолдары жабылған.

"22 қараша күні кешкі сағар 20:37-де Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Ақжайық ауылында таңертеңгі сағат 10.00-де 1961 жылы туған азаматтың жұмыстан шығып жоғалып кеткені жөнінде хабар түседі. Жедел іздестіру жұмыстары жүргізіледі. 23 қараша күні 13 сағат 00 минутта іздестіру-құтқару жұмыстарына Орал қаласының аэропортынан "Еврокоптер" әуе ұшағы көтерілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы экипажда 3 адам, жеке құрамнан 25 адам, 9 техника жұмылдырылды. Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының өзгеруін бақылап, абай болып, енгізілген шектеулер туралы ақпаратпен танысуға кеңес береді", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз