"Көпшілік жағасын ұстап жатыр". Бағлан Әбдірайымов желіде тарап кеткен видеоға қатысты жауап берді

Әнші Бағлан Әбдірайымов желіде жаназа табытына жабысып, қарыз сұраған видеоға қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, бұл видео жақында түсірілген киноның үзіндісі болған.

"Ассалаумағалейкум, достар! Естеріңізде болса құмар ойын жайлы "ZERO" фильм түсіргенмін. Соның жалғасын Алланың қалауымен түсіріп жатырмыз. Мақсатымыз бастан өткен оқиғаны елге баяндау, соңы азап екенін көрсету. Қоғамға қосар үлесім осы. Көпшілік жаназада табытына жасып, қарызын сұрағанын көріп, жағасын ұстап жатыр. Ол "QARYZ" киносының сахнасы. Өмірде болған оқиға. Көпшіліктің көргені жақсы. Кино екенін білсе тіпті жақсы. Жарнамалық бағытта әдейі қолданбасақ та, осылай тарап кетті. Бізге сәттілік тілеп қойсаңыздар, көктемде үлкен экранда қауышамыз", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!