Жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын: елдің барлық дерлік өңірінде ескерту жасалды

Синоптиктер елдің басым бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ пен бұрқасынға байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. 

Қостанай облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақытта 23-28 м/с. 

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Көкшетауда түнде және таңертең тұман күтіледі. Таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында жел батыстан соғады, түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде екпіні 25 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, түнде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Астанада түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей уақыттарда 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында қатты қар күтіледі, облыстың оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 18-23 м/с.

Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, Облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алкөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!