Денис Теннің Алматыдағы ескерткішін әлдекім бүлдіріп кеткен

Денис Теннің Алматыдағы ескерткішін әлдекім бүлдіріп кеткен
Фото: tiktok.com/@mirzoev_amir

Алматыда вандалдар мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткішін бүлдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгер әлеуметтік желіде ескерткіштегі жазудың фотосуреттерін жариялады. Вандал ескерткішке Денис Теннің өліміне кінәлілер туралы жазған. Сондай-ақ автор өз аты-жөнін, телефон нөмірін және тіпті мекенжайын да жазып қалдырған.

Фотолар: tiktok.com/@mirzoev_amir

 Мұны полиция департаменті де растады.

"Денис Теннің ескерткішіне қойылған мемориалды бүлдірген күдікті ұсталды. Ол психоневрологиялық есепте тұрған Алматы тұрғыны. Қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындалып, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылды. Ұсталған адам Психикалық денсаулық орталығына орналастырылды", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан