"Залал сомасы - 20 миллион". Сәтбаевта апалы-сіңілі алаяқтар халықты алдаған

"Залал сомасы - 20 миллион". Сәтбаевта апалы-сіңілі алаяқтар халықты алдаған
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ұлытау облыстық полиция қызметкерлері ұйымдасқан алаяқтарды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Осы дерекке қатысты Сәтбаев қаласының Полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы (Алаяқтық) бойынша соталды тергеуді бастады. Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел қызметінің нәтижесінде Сәтбаев қаласының 55, 36, 42 жастағы үш тұрғыны ұсталды.

"Алдын ала ойластырылған қылмыстық жоспарға сәйкес 30 миллион теңгеге дейін несие алуға уәде берген екі апалы-сіңлілі және олардың құрбысы азаматтардың сеніміне кіріп, олардың ақшасын иемденген. Полиция қысқа мерзімде алаяқтарды әшкереледі", - делінген хабарламада.

Қазір осы адамдарға қатысты 27 қылмыстық іс тіркелген, залалдың жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асады. Үш күдікті де Жезқазған қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова