Порносайтқа кірген 400-ге жуық адам күтпеген жайтқа тап болды

Порносайтқа кірген 400-ге жуық адам күтпеген жайтқа тап болды
Фото: podrobno.uz

Өзбекстанда алаяқ порносайтқа кірген 400-ден аса адамды алдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, адамдар порносайтқа кіргеннен кейін "ІІМ-нен" деген жалған ескерту алған. Ол жерде сайтқа кірген адамдардың есепшоты бұғататалатыны және айыппұл салынатыны айтылған. 

Осылайша көптеген адам алаяқтың картасына ақша аударып жіберген. 

"ІІМ жанындағы киберқауіпсіздік басқармасы сіз педофилия мен зорлық-зомбылықты насихаттау элементтерін қоса алғанда, порнографиялық сипаттағы тыйым салынған материалдарды қамтитын ресурсқа кіргеніңізді анықтады. Осы себепті сіздің есептік жазбаңыз бұғатталған. Есепшоттарды қайтадан ашу үшін сізге көрсетілген банктік мемлекеттік картаға 350 мың сум (13 032 теңге) айыппұлды төлеу керек", - делінген жалған хабарламада.

405 өзбекстандық осы хатты жіберген алаяқтың құрығына түсіп қалған.  

Алаяқ бірнеше рет картасын ауыстырып отырған. Ол үшін таныстарының банк деректерін де қолданған. Бес күннің ішінде алаяқ 142 миллион сум (5 287 542 теңге) жинап алған. 

Өзбекстанның Киберқауіпсіздік қызметкерлері алаяқты ұстады. Ол 31 жастағы украиналық болып шыққан. Тергеуге дейінгі тексеру амалдары жүріп жатыр.  

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина