Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық қылмыскер Латвияда ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық қылмыскер Латвияда ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық қылмыскер Латвияда ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Бас прокуратураның және ІІМ Интерпол қызметкерлерімен қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін алаяқтық жасағаны үшін Латвия Республикасынан Қазақстанның азаматы экстрадицияланды.

2016 жылы күдікті, адам тобымен бірлесіп жәбірленушіге өздеріне тиесілі емес пәтерді сатқан. Сөйтіп сатып алушыға 12 миллион теңге көлемінде залал келтірген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. Кейіннен ол Латвия аумағында ұсталды.

Қазіргі таңда ол Астананың тергеу изоляторына қамалды.

Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина