"Қабағы қатулы болды". Танымал пародист қайын атасына қатысты оқиғасымен бөлісті

"Қабағы қатулы болды". Танымал пародист қайын атасына қатысты оқиғасымен бөлісті
Фото: Фотоскрин

Танымал пародист Аманғали Сыпабеков қайын атасына қатысты оқиғаны еске алып, "Ұйқым келмейді" бағдарламасында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актердің айтуынша, жарының ата-анасымен танысуға барғанда қайынатасымен арада өте қызық жағдай болған.

"Танысуға барған кезде қайынатамды көрдім. Олар бірнеше адам болып, достарымен отырды. Суретте бір-біріне ұқсай береді ғой. Қабағы қатулы болды. Содан папама ұқсайтын бір кісіге Тұрсынбектің, Қайраттың әзілін айттым. Бірақ ешқайсысы өтпеді, күлмейді. Енем мен жаңағы қасындағы досы ғана көңіліме қарап, күліп отырды. Бір кезде папам "далаға шығайық, темекі тартайық" деді де, өзі әрі қарай барып, телефонмен сөйлесіп тұрды. Папамның досымен жақсы сөйлесіп кеттік. Бір кезде "папаның мінезі шатақ-ау деймін" деп айтқаным сол еді, әлгі кісі "мен ғой сенің папаң" деген кезде қуанып кеттім. Сөйтсем, шатастырып алыппын", - деді ол. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы