Мопед мінген тұрғын қайтыс болды: кінәлілер әлі табылмады

Алматы тұрғыны әйелінің өліміне кінәлілерді жазалауды талап етуде. Қайғылы оқиға жаздың басында болған еді. Ерлі-зайыптылар үйлеріне мопедпен келе жатып, қаланың дәл ортасындағы шұңқырға құлап кеткен. Әйел алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Біз мопедпен үйге бірге қайттық. Бірақ бізде жүргізу тәжірибесі бар. Ешқашан оқыс оқиға болған жоқ. Біз қиылысқа дейін бір шақырымдай жол жүрдік. Қиылысқа дейінгі жолда жылдамдықты азайттым. Жолд бір жерден тесікті байқадым да, тежегішті баспақ болдым. Өз-өзіме келгенде асфальтта жатыр екенмін", - деп еске алады марқұмның күйеуі Кирилл Василенко .

Кирилл Саидтың 23 жастағы әйелі жедел жәрдем келгенше сол жерде көз жұмды. Ер адам бұл оқиғаға осы учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізген ұйымды кінәлайды. Егер белгі қойылғанда, мұндай қайғылы оқиға болмайтынына сенімді.

"Біз жүріп келе жатқан жолда шұңқыр мүлде байқалмады. Қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек. Ең бастысы оқиға туралы бәрінің білгенін қалаймын. Мұндай жағдайлар жиі орын алады. Бұл кез келген адамның басына түсуі мүмкін", - дейді ол.

Кирилл Василенконың адвокаты тергеуді тездетуді талап етті. Оның айтуынша, бұл іске қатысты күдіктілер әлі табылмаған. Оларды тергеушілер өте сирек шақырады, ал оның қорғаушысы әлі жәбірленуші ретінде танылмаған.

"Екеуміз бір мопедпен жүрдік. Ол кезде рұқсат етілген еді. Ешқандай тыйым болған жоқ. "Асмар Строй" ЖШС барлығын түнімен осында қалдырған. Осы жерден шұңқыр қазған. Тергеу бес айдан астам уақытқа созылып жатыр. Бірінші айдың өзінде жолдың бұл бөлігіне кімнің тікелей жауапты екені белгілі болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеделдетіліп, кем дегенде осы компанияның басшысы мен бригадирі күдікті ретінде танылса дейміз", - дейді Данияр Кәріпжанов.

Полицейлер КТК телеарнасының журналисіне Василенконың жәбірленуші ретінде танылғанын, "құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 277-бабы бойынша тіркеліп, тергелуде. Қайтыс болған әйелдің күйеуі ресми түрде жәбірленуші деп танылды. Қазіргі уақытта істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде", - деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қала орталығындағы бұл учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізген ұйымның өзі әзірге түсініктеме беруден бас тартты. Қазіргі уақытта іс сараптамадан өтіп жатқаны белгілі. Қылмыскерлер табылса, олар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!