"Сенбей отырмын". 65 жастағы анасы мен қызының биі желі қолданушыларын таңғалдырды

Әлеуметтік желіде анасы мен қызының билеген видеосы қызу талқыланып жатыр. TikTok-та пікір жазушылар олардың сұлулығына сүйсініп қана қоймай, жастық шақтарының сыры неде екенін деп таңғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Милана жариялаған видеодаға анасы мен әжесінің биі 1,6 миллион қаралым мен бірнеше мың пікір жинаған.  Желі қолданушылары олардың жасын сұрап, бірнеше рет пікір жазып, белсенділік танытқан.

@millvnv

Мама еще 5 детей родила???❤️❤️❤️

♬ оригинальный звук - Millvnv

"Қызы мен шешесін көріп тұрмын, ал әжесі қайда?", "Анасы қайда, ал қызы қайда?", "Ол 40 емес, 22-23 жаста", "Еркек әйелге қамқорлық жасаса, ол гүлдей құлпырады, бұл генетикаға қарамайды", "20-да сияқты, керемет!", "уау, қандай әдемі", "әдемі әйелдер, мен таңғалдым" деп жазды қолданушылар.

19 жастағы Милана Tengri Life тілшісіне анасы Эльмира мен әжесі Светлана туралы айтып берді. Бойжеткен қоғамда оларды әпке-сіңлі деп жиі шатастыратынын мойындады. Оның үстіне 40 жастағы Эльмира төрт қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған көпбалалы ана екенін ешкім де ойламас еді.

"Менің анамның аты - Эльмира, 40 жаста. Бес баланы дүниеге әкелген. Анам өзін-өзі дамытумен айналысады, саяхаттағанды ​​және тамақ жасағанды ​, серфингті ұнатады. Әрине, бала тәрбиесін де ұмытпайды", - деді ол.

Милана әлеуметтік желіге анасымен бірге түскен видеоларды жиі жариялайды. Ол өз блогының жұлдызы анасы екенін айтты.

"Анамды мақтан тұтамын, ол ең жақсы адам. Анамның суреттерін әлеуметтік желіге жиі салып отырамын, ал жазылушыларым оны жақсы көреді. Оның тіпті "Эльмира ана" деген лақап аты бар. Төлқұжатына сәйкес жасы 40-та. Анам денсаулығы мен мүсініне жиі көңіл бөледі", - дейді Милана.

Сондай-ақ, ол 65 жастағы әжесі туралы да айтты.

"Ол саяхаттағанды ​​жақсы көреді. Әжем үйде мүлдем отырмайды. Ол үнемі өзін күтеді, сұлулық салондарына барғанды ​​жақсы көреді. Үшеуміз көшеге шыққанда көп адамдар әжемді "анасы", ал бізді "апалы-сіңлілер" деп ойлайды, - деп мойындады Милана.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!