"Алла ауру арқылы күнәсін төкті". Балғынбек Имашов Болат Назарбаевтың бір бума ақша бергенін айтты

Айтыскер ақын Балғынбек Имашов Болат Назарбаевтың бір бума ақша бергені туралы "TALKLIKE" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұл ақшаны гонорар ретінде берген.

"65 жасында тойына таныс жігіттер шақырып бардық. Айтысып, 3-4 ақын қатыстық. Гонорарымыз алдын ала төленді. Болат Назарбаевқа қалжың айтып, әрі тілегімізді жеткіздік. Үйінің есік алдында болып жатқан еді. Біреуді жұмсап жіберді де, бір бума ақшаны төрт ақынға берді. 10 мың доллар ғой. Ол ақша қайдан келгенін білмейміз. Бірақ біздің өнерімізге берілген баға деп білемін", - деді ол.

"Қандай жолмен келген ақша?" деген жүргізушінің сұрағына айтыскер өз жауабын айтты.

"Қайдан келді деп ақшаны тексермейміз. Ол ақша харам болса да, сен адал жолмен алғасын саған халал болады", - деп жауап берді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!