"Көптен бергі арманымыз". Меруерт Түсіпбаева Америкаға саяхаты туралы айтты

Қазақ эстрадасының жұлдызы, әнші Меруерт Түсіпбаева Америкаға саяхаты туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі "Таңшолпан" бағдарламасында бөлісті. 

"Балам екеуіміздің Америкаға 10 жылға виза бар. Балам үнемі барып тұрады. Қазір Еуропада магистратурада оқып жатыр. Біздің көптен бергі арманымыз "Ниагара" сарқырамасын көру еді. Балам екеуіміз - біраз елді шарлаған саяхатшымыз. Бірақ сарқыраманың жанында тұрғанда энергиясы мүлде басқа. Балам екеуіміз біресе күліп, біресе жылап, түрлі сезімде болдық. Сарқырама Жаратқанның адамзатқа берген сыйы ғой. Балам екеуіміз кемемен дәл жанына жақындадық. Өзімді сол кезде бақытты сезіндім. Балам кішкентайынан саяхатап жүр ғой. Осы сарқырамадан кейін "Ана, рақмет" деп эмоциясын басқара алмады", - деді Меруерт Түсіпбаева.

Еске салайық, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева экс-министрдің Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы хабарламаға пікір білдірген еді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!