"Базарда костюм-шалбар саттым". Танымал әнші өнер жолына дейін немен айналысқанын айтты

"Базарда костюм-шалбар саттым". Танымал әнші өнер жолына дейін немен айналысқанын айтты
Фото: instagram.com/adilet.zhaugashar

Танымал әнші Әділет Жауғашар 2019 жылы өнер әлеміне аяқ басқан. Бұған дейін ол базарда киім сатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші "1001 түн" бағдарламасында бөлісті. 

"Ең бірінші түысқандар қолында Түркістанда ұсақ-түйек заттар саттым. Сосын көтерме саудамен айналыстым. Шымкентте "Қиял әлемі" саябағында жұмыс істедім. Оны кейін Атырауда аштық. Базарда костюм-шалбар саттым. Менің мінезім тұйық болатын. Базардың бір жақсысы адамдармен араласу арқылы мінезің ашылады. 2019 жылға дейін жұмыс істедім. 2019 жылы Алматыға өнер жолына кеттім. Базар маған көп нәрсені үйретті. Қазір ешқандай кәсібім жоқ. Тапқан табысымды өнеріме, шығармашылығыма құйып жатырмын", - деді өнер иесі. 

Айта кетейік, Әділет Жауғашар - қазақстандық әнші. Оның "Бұртиғаныңды сүйдім", "Бесаспап Қыз", "Мамау", "Қыз Іздеймін", "Шырғалаң" сынды әндері бар. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек