Қазақша ән айтқан америкалықтар жұртты таңғалдырды

Қазақша ән айтқан америкалықтар жұртты таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео americancorner_astana Instagram-парақшасында пайда болды. Бұл видео 289 мыңнан аса қаралым, 14 мыңнан аса лайк пен 900-ге жуық пікір жинады. 

AFCENT оркестрі МузАРТ тобының "Балауса" әнін орындады. 

Желі қолданушылары америкалықтардың өнеріне сүйсініп, пікір қалдырған. 

"Мәссаған", "Жарайсың", "Керемет", "Керемет орындап шықты, оның үстіне қазақ тіліне", "Әндеріміз қандай әдемі еді", "Жігіттер, жарайсыңдар", "Америкалық бауырлар жандырды ғой!" "Сүп-сүйкімді болып тұр ғой", - деп жазған олар. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз