Алты жасар ұлына жедел жәрдем шақырған павлодарлық әйел күтпеген жайтқа тап болды

Павлодарда ұлына жедел жәрдем шақырған әйел адам полициядан бірақ шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жедел жәрдем қызметкерлері полицияшақырған. Себебі ұлына жедел жәрдем шақырған 28 жастағы әйелдің өзі мас болған әрі өзін ұстай тұрған.  

"Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша әйел орта дәрежелі алкогольдік мас күйінде болған. Осы факті бойынша полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, материал сотқа жолданды", - дейді облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері. 

Polisia.kz мәліметінше, әйелдің алты жасар және төрт жасар қызы қазір аймақтық балаларды қолдау орталығында. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!