"Түске дейін ұйықтаймын". Жансая Әбдімәлік келіндік өмірі мен күйеуі туралы айтты

"Түске дейін ұйықтаймын". Жансая Әбдімәлік келіндік өмірі мен күйеуі туралы айтты
Фото: instagram.com/zhansaya_abdumalik/

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік үлгілі келіннің қасиеттерін айтып, жанкүйерлеріне біраз кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап. 

23 жастағы қазақстандық спортшы өзінің үлгілі келін емес екенін айтты.

"Ойландыратын сұрақ. Шынымды айтсам, жауап жоқ, өйткені көп адам үшін үй шаруасындағы жақсы әйел түсінігі әртүрлі. Адамдардың ойындағы үй шаруасындағы әйелдерге мүлде келмеймін. Иә, біздің үй таза, бәрі өз орнында, бірақ мен түске дейін ұйықтаймын, өйткені мен ұйықтағанды жақсы көремін.

Маған ерте тұру қиын, мен мұндай күйеу жолықтырғаныма бақыттымын, ол бұл туралы тіс жармайды. Мысалы, "неге таңғы ас немесе түскі ас дайын емес?" демейіді. Ол ұйқымды қандырып тұрғаныма қуанады.  Әрине, таңғы 6-да тұрып, құймақ пен ірімшік дайындап тұруға болады, бірақ білмеймін... Барлығын күшпен емес, өз қалауымен жасау керек деп ойлаймын.  Мүмкін мен де сол деңгейге жететін шығармын, бірақ әр нәрсенің өз уақыты бар дейді ғой. Жалпы, өз үйіңіз - өз ережелеріңіз. Неғұрлым икемді және қарапайым болыңыз, бір-біріңізді жақсы көріңіз, сонда бәрі жақсы болады", - деп жауап берді Жансая. 

Жансая Әбдімәлік күйеуі екеуінің арасында кім мейірімдірек екенін айтты. 

"Бұл кіммен, қайда және қашан екеніне байланысты, көп жағдайда ол мейірімді. Мен қатал боламын", - деп түйіндеді Әбдімәлік. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек