Еңбекке қабілетті жастар баспанаға ақшаны өзі жинауы керек - министр

Еңбекке қабілетті жастар баспанаға ақшаны өзі жинауы керек - министр
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Елімізде жұмыс істей алатын жастар ақшаны өзі жинап, ипотека арқылы баспана алуға тырысуы керек. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Дәулен Мұқаев бүгінде жастар 200 мың теңге жалақы алатытын, олар үйге ақша жинай алмай жүгендерін айтты.

"Баспана алуға балама болуы керек. Қазір қазақстандықтар Отбасы банкіне барады. Бірақ ол арқылы баспана алу үшін үйдің 50 пайыз соммасын жинау керек. Қазір басқа бағдарлама жоқ.

"7-20-25" бағдарламасының лимитін көріп отырсыздар. 100 млрд теңге банктерде 30 секундта бітіп қалып жатыр. Сіз маған айтыңызшы, 200 мың теңге айлықпен жастарымыз үйге керек ақшаның 50 пайызын жинай ала ма? Олар азық-түлікке (еңбекақысының) 50-55 пайызын жұмсайды. Сонда жастар үй алуға ақшаны қалай жинайды? Қаншама жастың әйелі 5 жылда бала тапты, қазір олар декретте отыр", - деп өнеркәсіп және құрылыс министріне сұрақ қойылды.

Қанат Шарлапаевтың пікірінше, еңбекке қабілетті жастар тек өзіне сенуге тиіс.

"Деніңіз сау азамат болсаңыз, жұмыс істей алсаңыз, онда сіз пәтерге өзіңіз ақша жинауыңыз керек. Мен әркімнің жағдайы әртүрлі екенін түсінемін. Бірақ мемлекет тұрғысынан біз мүгедек балаларға басымдық береміз. Мысалы, жұмыс істеуге және ақша табуға қабілеті бар адам мен мүгедек балаларды алсақ, онда мен мүгедек балаларды таңдаймын. Бұл тұрғыдан оларға қолдау көрсетуіміз керек деп ойлаймын.
Осыған байланысты сіз айтып отырған мәселе бойынша қазір бағдарламалар жеткілікті! Жауап біреу, тек қаржыға сауатты болу және ақша жинау. Осылайша, қазір бар бағдарламалар арқылы ипотека алуға тырысу", - деді министр.

Аяз Есен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz